Түркия «еркіндігі шектелген елдер» қатарына қосылды

0
212

Штаб-пәтері Америка Құрама Штаттарында орналасқан  Freedom House халықаралық құқық қорғау ұйымының «Әлемдегі еркіндік – 2018» есебі жарияланды. Түркия бұл есепте «шектеулі еркіндік» категориясынан «еркіндігі шектелген елдер» қатарына төмендеді. Бұл туралы БиБиСи агенттігінің түрік редакциясы хабарлайды.

Freedom house ülkeler haritası

«Демократия дағдарысы» деген тақырыппен шыққан есепте саяси құқықтар мен жеке бас бостандығының шектелуіне байланысты Түркияның «еркіндігі шектелген елдер» қатарына қосылғаны айтылады.

Есепте

«Баспасөз, әлеуметтік медиа қолданушылары, шерушілер, саяси партиялар, сот пен сайлау жүйесіне шабуыл жасалуы және оның күн сайын артуы; ішкі және аймақтық қауіпсіздік ахуалының бара-бара нашарлауы; президент Режеп Тайып Ердоғанның мелекет және халықты жеке бақылауында ұстауға тырысуына байланысты 2014 жылдан былай қарай Түркия құлдилап барады»

– делінген.

Әлемнің 195 елі сарапталған есепте «еркіндігі шектелген» елдер қатарында 49 мемлекет бар. Бұл елдерде тұратын халық саны әлем халқының 25 пайызын құрайды. Ал 88 мемлекет  «еркін елдер» категориясына енді.

Тізімнің соңында Сирия, Оңтүстік Судан және Эритрея елдері орналасты.

ЕРДОҒАН ҚАРСЫЛАСТАРЫН ҚУЫП ШЫҚТЫ

Есептің Түркияға қатысты жерінде мындай қорытындылар жасалған:

«Ердоған партиясындағы қарсыластарын және бұрынғы серіктестерін қуып шықты, медиа басшылығын өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қайта құрылымдады, елеулі билік бөлінісі қарастырылмайтын «супер президенттік» жүйені құру үшін референдум арқылы конституциялық өзгерістерге барды . 2016 жылғы төңкеріс әрекетіне берген қарсылығы кең көлемді «мыстан аулау» науқанына ұласты. 60 мыңнан астам кісі қамауға алынды. 160-тан аса баспа жабылды, 150-ден артық журналист тұтқындалды».

«Елдің үшінші үлкен саяси партиясының басшылығы түрмеде. 100-ден астан мэрдің кейбірі төтенше жағдай режимі аясында, кейбіреуі президент тарапынан саяси қысым жасалғаннан кейін қызметтерінен алынды».

«Түрік үкіметінің бұл қысымы ел шекарасынан шығып кетті: күдіктілердің Интерпол тарапынан экстрадициялануы үшін қызыл бюллетен жарияланды».

Есепке сүйенсек, соңғы 10 жылда рейтингте 34 балл жоғалтқан Түркия еркіндік құқығына шек қою бойынша тізімде ең жылдам төмендеген ел болды.

Соңғы он жылдықта еркіндікке қатты шек қойған елдер:

Freedom House
Түркия, Орталық Африка Республикасы, Мали, Бурунди, Бахрейн, Мавритания, Эфиопия, Венесуэла, Йемен және Венгрия.

ӘЛЕМДЕ ЕРКІНДІК СОҢҒЫ 12 ЖЫЛДАҒЫ ЕҢ ТӨМЕНГІ ДЕҢГЕЙДЕ

«Демократия дағдарыста» деп басталатын есепте 2017 жылы саяси құқықтар мен жеке бас бостандығының соңғы 12 жылдай уақыт ішінде ең төменгі деңгейге түсіп кеткені атап өтілді.

Бұған әкелетін негізгі факторлардың бірі ретінде АҚШ-тың әлемдік аренада адам құқықтарын қорғау күресінен бас тартқандығы көрсетілді.

Сондай-ақ, Freedom House соңғы 7 жылда АҚШ-та да еркіндік мәселесінде бара-бара «баяулаудың» болып жатқанына баса назар аударды. Ақшаның саяси әсері, күнделікті өмірде болып жатқан тәртіпсіздіктер мен қылмыстық сот төрелігі жүйесіндегі елеулі теңсіздік мәселелерінің еркіндікке көлеңке түсіргені атап өтілді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз