АҚШ vs Қытай: Сауда қақтығысы уақытша тоқтады

0
106

Америка Құрамам Штаттарының президенті Дональд Трамп пен Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин сауда қақтығысын уақытша тоқтату туралы келісімге келді.

Аргентинада өткен G20 саммиті кезінде сауда дауы туындаған екі мемлекет Қытайдың жалпы құны 200 миллиард АҚШ долларына дейінгі өнімдеріне қойылатын тарифті 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұрынғы 10 пайыздан артық (25 пайыздық) кедендік салық енгізілмейтінін, есесіне Қытай көп мөлшердегі Америка өнімдерін, соның ішінде ауылшаруашылық өнімдерін дереу сатып алу туралы келісімге келді.

Қытай тарапы АҚШ –тың ауыл шаруашылық, энергетика, өнеркәсіп және басқа да өнімдерін өте үлкен мөлшерде сатып алуға келісіп, Қытайдың Америкадан заңсыз пайда тапқан, АҚШ зиян шеккен АҚШ-Қытай арасындағы сауда теңсіздігінің орнын толтыратын болды. Сондай-ақ, Американың фермерлер өнімдерін Қытай дереу (бірден) сатып алуға келісті. Сатып алу көлемі үлкен болатыны белгілі, бірақ нақты цифрлар әзірге анық емес.

Қос тарап алдағы 90 күн ішінде өзара келісімді бітіруге тырысатынын білдірді. Алайда осы кезең ішінде келісімге келе алмаса, онда 90 күннен кейін 10% -тік кеден салығы 25% -ға дейін ұлғаятын болды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз