Қазақстан БҰҰ ҚК-нің Ауғанстандағы ахуалы бойынша ашық пікірталасына қатысты

0
75

Қазақстан 21 желтоқсанда өткен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Ауғанстандағы ахуал бойынша ашық пікірталасқа қатысты, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Бұл отырыста баяндамашылар ретінде Ауғанстанға көмек көрсету жөніндегі БҰҰ миссиясының басшысы Тадамичи Ямамото, БҰҰ Есірткі және қылмыс бойынша басқармасының Атқарушы директоры Юрий Федотов, БҰҰ ҚК 1988 «Талибан/Ауғанстан» бойынша санкциялық комитетінің төрағасы Қайрат Омаров, сондай-ақ Ауғанстандағы Бейбітшілік бойынша Жоғары кеңсесінің мүшесі Ваджма Фрог сөз сөйледі.

Қатысушылар Ауғанстандағы қиын жағдайды, соның ішінде террористік әрекеттер санының өсуін, солтүстік аймақтарда ДАИШ жауынгерлерінің көбеіп, елдегі есірткі өңдірісінің өсуін талқылап өтті. Сонымен қатар, Ауғанстан Үкіметі мен халықаралық қоғамдастықтың елдегі жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шаралардың, ұлттық татуластыру, экономикалық даму, әйелдердің құқықтарын қорғау және ілгерілету, алдағы екі жылда президенттік және парламенттік сайлауды сапалы дайындау және өткізу бойынша мәселердің маңыздылығына ерекше көңіл аударылды.

Көптеген мемлекеттер өз сөздерінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі Орталық Азиядан шыққан алғашқы мүшесі саналатын Қазақстанға оның Ауғанстан мен Орталық Азия аймағындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне айрықша назар аударғаны үшін өз алғыстарын білдірді. Олардың пікірі бойынша, мұндай іс-шаралар аталған өңірде қалыптасқан жағдайды тереңірек түсінуге септігін тигізеді.

Қазақстандық делегациясының пікірі бойынша, мемлекеттер арасындағы тығыз аймақтық экономикалық ынтымақтастық ауған азаматтарының бейбіт әрекеттерге қатысуына ықпал етіп, қарулы топтарға және есірткі өндірісіне қатысуын азайтатын болады. Бұл елдегі және, тұтастай алғанда, аймақтағы қауіпсіздік жағдайына оң әсерін тигізеді.

Қ. Омаров Қазақстанның өңірлік интеграцияның тұрақты жақтаушысы болып табылатынын және көліктік инфрақұрылымға инвестиция салып, Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсететіп келгенін атап өтті.

Отырысқа қатысушылар халықаралық қоғамдастықтың Ауғанстандағы бейбітшілік пен гүлденуге қол жеткізуге жәрдемдесу бойынша өзінің шынайы бейілділігін растады.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз