Қырғызстанда өтіп жатқан III Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алғашқы күнін Қазақстан 7 алтын, 7 күміс, 5 қола медальмен қорытындылады. Ұлттық құрама жалпы командалық есепте бірінші орында келеді.
Жарыстың бірінші күнінде Қазақстан құрамасын армрестлинг шеберлері алға жетеледі. Атап айтсақ, әйелдер арасында 75 келі бойынша Письменная Оксана, Лисянская Антонина, ерлерден Фараджов Вали бақ сынаса, Стипанчук Андрей, Сазонов Олег пен Дмитрий Трубин 95-105 келі бойынша ел намысын қорғады.
Жалпыкомандалық есепте 5 алтын, 5 күміс, 8 қола медальмен қырғыздар құрамасы екінші орында келеді. Ал, үшінші орынға 5 алтын, 2 күміс, 5 қола жүлдемен Түрікменстан құрамасы жайғасты.
III Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасынан 25 этноспорт түрінен 134 спортшы бақ сынап жатыр.