Ақ Олимпиададағы алғашқы медаль

0
143
sports.kz

Қазақстандық фристайлшы Юлия Галышева Пхенчханда өтіп жатқан ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарында қола медальға ие болды.

Ақ Олимпиаданы тарихи жеңіспен аяқтаған Шығыс Қазақстандық спортшы фристайлдың могул сыны бойынша жарыс жолына шығып, 77.40 балмен үшінші келді. Галышваның алдын ораған француз қызы Перрин Лафон – алтын (78.65 баллов) және канадалық Жюстин Дюфуа-Лапонт – күміс (78.56 баллов) медаль жеңіп алды.

sports.kz

Ұлттық Олимпиада Комитетінің баспасөз қызметіне берген сұхбатында Юлия қуанышын осылай сипаттады:

«Өте бақыттымын, қуаныштымын. Бұл – менің алғашқы олимпидалық медалім. Барлықтарына рахмет – менің командама, елге және жанкүйерлерге. Кеше ғана жүлдеге ілінем деп елестетіп отыр едім. Сынған қолым, медаль жеңіп алуға деген мотивациямды одан сайын арттырды».

Іріктеу кезеңі мен кіші финалдардың алғашында 7-орында көрінген жерлесіміз екінші кіші финалда алтыншы болған еді.

Юлия Галышеваның қола медалі – Олимпиада тарихындағы Қазақстан спортшыларының фристайл және могул түрлерінде жеңіп алған тұңғыш жүлдесі. Әрі бұл жеңіс – 9 ақпан Оңтүстік Кореяда басталған қысқы Олимпиадада қазақстандық спортшылардың жеткен жетістіктерінің бастауы болды.

sports.kz

Осымен үшінші қысқы Олимпиадада өнер көрсеткен 25 жасар Юлия алдынғы екі ойындарда 11-ші (2010ж, Ванкувер) және 7-орындардан (2014ж, Сочи) көрінген болатын.

Ерлан Мұқан

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз