Еуропалық одақтың өкілі Ресей, Иран және Түркия мемлекеттері Брюссельде Сирия дағдарысына байланысты конференцияға қатысатынын растады.
Аталған үштік Сирия мәселесіне байланысты 24-25 сәуір аралығында Сирия мәселесіндегі халықаралық донорлық конференцияға қатысады.
ТАСС-тың мәліметіне сәйкес, Еуропалық одақтың өкілі «Үш мемлекет те шақырту алды. Конференцияға барлығы қатысатын болады», деп мәлімдеді.