Бүгін АҚШ президенті Дональд Трамп пен ҚХДР президенті Ким Чен Ын Вьетнамда ядролық қауіпсіздік мәселелерін талқылады. Бұл – өткен жылы жасалған Сингапурдағы келісімнің жалғасы.
«Біз екеуміз де Сингапурде басталған прогрестің жалғасқанын қалаймыз», деді Дональд Трамп.
Кездесу барысында олар Солтүстік Кореяны ядролық қарудан тазарту мәселесін талқылайды деп күтілген болатын.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Вашингтон «егер Солтүстік Корея АҚШ санкциясынан құтылғысы келсе, ядролық қарудан бас тартуы керек» деп шарт қойған болатын. Осыдан соң Вашингтон мен Пхеньян арасындағы келісім кідіріп, санкция өз күшінде қалған еді.