Телеграм каналымызға мына сілтеме арқылы тіркеле аласыз
Мұрат Садыч Түркияда ядролық медицина маманы болған. Түрік ғылыми-техникалық зерттеу институтында (TÜBİTAK) жоба кеңесшісі және жетекшісі қызметтерін атқарған.
2016 жылы саяси себептерге байланысты сот жарлығымен кәсібінен айрылып, түрмеге қамалады. Қамауда біраз отырған ғалым 2017 жылы босаған соң Германияға көшіп кетеді.
Қазір Германияның ядролық ғылымдар институтында академиялық жұмысын жалғастырып жатқан ғалым Covid-19 дертін емдеудің екі балама әдісін ұсынған.
Ғалым Садыч жобасының бастапқы тұжырымдамасында вирус бетінде табылған ең маңызды екі рецепторды анықтауды және олардың репликациясын қарастыратынын айтады. Кейін осы рецепторлармен байланысуы мүмкін затты анықтап, оларды қайтадан радиоактивті алаңда біріктіру қажет екен. Мұрат Садыч вирустарға қарсы осы әдісті қолданып, пациентке диагноз қойып емдеуге болады дейді.
Доктор Мұрат Садыч жобаның екінші тұжырымдамасының да қорытындысын шығарды.
“Ағзамызда вирустарға қарсы қорғаныш жасушалары (антиденелер) бар. Оларды радиоактивті заттармен кодтай отырып, қайтадан ағзаға жеткізуге болады және вирустарға тән аймаққа өткізіп дерттің емін анықтай аламыз”, – деді ғалым.
Мұрат Садыч коронавирусқа байланысты жасаған тұжырымдамасын АҚШ және Германия елдерінің өкілдеріне түсіндірген. Германиядағы АҚШ консулдығы ғалым мен отбасын “шұғыл” Америкаға шақырып зерттеуін жалғастыруды сұрады.
МҰРАТ САДЫЧ КІМ?
Ядролық медицина докторы әрі ғалым Мұрат Садыч 1987 жылы Түркияның Газиантеп қаласында туған. 2004 жылы Газиантеп университетінің медицина факультетіне оқуға түсті.
Медициналық білім алғаннан кейін 2011 жылы ол медицинада (ТУС) мамандығы бойынша емтихан тапсырып, Анкарада ядролық медицина бойынша оқуын бастады. Оқуының бірі бөлігін АҚШ-та жалғастырады. Оқуын аяқтаған соң Түркияға оралып, Түрік ғылыми-техникалық зерттеу институтында (TÜBİTAK) жобаларды орындау және кеңес беру сияқты қызметтерді атқарады. Түркиядағы жұмысы үшін “Жылдың жас ғалымы” сыйлығына ие болды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДCҰ) мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық орталықтың “Болашақтың жетекші ғалымдары” тізіміне еніп, кейбір семинарларға шақырылды. Сонымен қатар, Америка ядролық кардиология қоғамы (ASNC) тарапынан марапатқа ие болған.
2016 жылы әйелімен бірге билік жарлығымен мамандығынан айрылады. 2017 жылы түрмеге қамалды. Қамаудан шыққан соң отбасымен бірге Германияға көшіп кетеді.
Қазіргі уақытта Германиядағы ядролық ғылымдар институтында ғалым ретінде академиялық қызмет атқарып жүр.