Сеул: Солтүстік Кореяға құшағымыз ашық

0
190

Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Иннің ресми өкілі КХДР президенті Ким Чен Ынға қалаған уақытта Сеулге келе алатындығын хабарлады.

Өз кезегінде Солтүстік Корея президенті «Егер сіз шақырсаңыз, мен кез-келген уақытта Чхонвадэге (Оңтүстік Корея Президентінің ресми резиденциясы) келемін», – деді.

Сондай-ақ, келіссөздер барысында Оңтүстік Корея басшыны Солтүстік пен Оңтүстік Кореялар арасындағы теміржолдарды біріктіруге ұсыныс жасап «Егер теміржолдарды қосатын болсақ, ендеше жылдам пойыздарды да іске қосуға болады», деді.


Еске саламыз, бүгін таңертең Оңтүстік Кореяда қос Корея басшыларының арасында келіссөздер басталды. 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз