“Түрікменстан президенті қайтыс болды”- деп тараған ақпарат жалған

0
155

Сенбіде Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов қайтыс болды деген хабар тарап, жұртты елеңдетті. Алайда кейін ақпараттың жалған екені анықталды. Жалған ақпаратты таратқан ресейлік саясаттанушы Аслан Рубаев кешірім сұрады.

“Бердімұхамедов қайтыс болды” деген хабар 20 шілдеде әлеуметтік желілерде тарап кетті. Ал 21 шілдеде, жексенбіде ресейлік БАҚ пен түрлі Telegram-арналар жарыса жазған. Олардың көбі “Говорит Москва” радиостанциясына сілтеме жасаған. Өз кезегінде радиостанция Еуразиялық проблемаларды бақылау орталығының директоры Аслан Рубаевтың пікірінің негізінде хабар таратқан. Ал Рубаев жаңалықты Ашхабатдағы таныстарынан естігенін мәлімдеді. Кейін Рубаевтың өзі Facebook желісіндегі парақшасында өз мәлімдемесін жоққа шығарды.  “Гурбангулы Бердімұхамедовтің қазасы жайлы мәліметтің жалған екеніне қуаныштымын. Президенттің жақындары мен туыстарынан, сондай-ақ, Түрікменстанның барлық азаматынан кешірім сұраймын. Бұған дейін ақпар берген дереккөздің өзі оны жоққа шығарды”, – деп жазды саясаттанушы.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз