Түркияда қазіргі саяси режимнің қудалауына байланысты ауыр жағдай қалыптасты. Бейбіт және тыныш өмір сүре алатынына сенбейтін мыңдаған бейкүнә азамат заңды және заңсыз жолдармен өз отанын тастап кетуге мәжбүр.
Түркиялық бірқатар масс-медиа құралдарының хабарлауынша, Венгрияға халықаралық фестивальге аттанған би труппасы сол елден саяси баспана сұрады.
Алдын-ала белгілі болған деректер бойынша, 1 қараша күні 16 кісіден тұратын труппа сұр түсті (қызметтік) төлқұжаттармен Анкарадан Венгрия астанасы Будапештіге аттанған. Халық билері фестиваліне қатысу үшін барған 16 адамның 11-і отандарына қайтудан бас тартып (5-10 қараша), Будапештіде саяси баспана сұраған.
Түркияның Спорт министрлігі елге қайтпаған бишілердің лицензия және төлқұжат алуына мұрындық болған Халық билері федерациясына қатысты қызметтік тексеріс бастатты. Федерация болса, ақталып әлек. Тура сол труппа маусым айында Босния және Герцеговинаға барып өнер көрсетіп қайтқан, дейді федерациядағылар.
Қараша айының басында қудалаудан қашқан түрік отбасы Эгей теңізінде cуға кеткенін kazaknews.kz хабарлаған болатын.