Вашингтонның Тегеранға қарсы жаңа санкциялары күшіне енді

0
43

АҚШ-тың Иранға салған жаңа санкциялары күшіне ене бастады. Бұл қысым шаралары Тегеранның мұнай саудасына айтарлықтай кері ықпал етеді. Ақ үйдің көздегені де осы. Елге салған санкциялар арқылы Тегеранның мұнайдан алатын кірісін азайтпақ. Алайда бұл шектеулер әлемдік нарыққа керіін тигізбеуіне күш салады. Бұл туралы АҚШ-тың Ирандағы арнайы өкілі Брайан Хук мәлімдеген.

АҚШ-тың Иранға қарсы 1979 жылдан бері бастау алып өзгерістер мен түзетулер енгізіліп келе жатқан санкциялары бұл жолы мұнай саудасы мен энергетика саласына тікелей байланысты. Иран АҚШ-тың бұл әрекетін қатаң айыптауда. Сонымен қоса Вашингтонның санкцияларына қарсы күресетінін мәлімдеген.

Вашингтон тарабы Иран ядролық жобасына қатысты келіссөздер жүргізуге дайын болғанымен, Еуропа одағы Иранмен орнатылған сауда қатынастарын одан әрі дамытуға ниетті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз