Өзбекстанда карантин 10 мамырға дейін ұзартылды

0
121
Photo: Kazakh TV

Өзбекстанда коронавирусқа байланысты енгізілген карантин 10 мамырға дейін ұзартылды. Бастапқы мерзімі 20 сәуірде аяқталуы тиіс еді.

Өзбекстан әділет министрлігінің мәлімдемесінде 20 сәуірден бастап көшпелі сауда нүктелері арқылы азық-түлікке жатпайтын тауар сатуға рұқсат берілетіні айтылған. Наурыздың 24-інен бастап Ташкент пен оның айналасындағы аудандарда азық-түлік дүкендерінен басқа дүкендердің барлығы жабылған.

Азаттық сайтының хабарлауынша, коронавирусқа байланысты Өзбекстан аумағынан кетіп үлгермеген шетел азаматтарының визасы 1 шілдеге дейін автоматты түрде ұзарады.

Ресми мәлімет бойынша, коронавирус жұқтырғандар Өзбекстанда 1565 адамға жеткен, бес адам қайтыс болған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз