17086 ұстаз ұлттық біліктілік сынағынан өте алмады. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Тестілеуге республика бойынша қатысқан 510271 мұғалімнің бірқатары санат ала алмаған.
Тестілеудің 34 185 ұстаз мүдірмей өткен:
педагог-модератор – 10 346 (72%);
педагог-сарапшы – 12 215 (65%);
педагог-зерттеуші – 10 957 (65%);
педагог-шебер – 667 (53%).
“Өткен жылғы тестілеумен салыстырғанда шекті деңгейден асқан ұстаздар саны көбейген”, – деп хабарлайды министрлік.
Ұлттық біліктілік сынағы Қазақстанда екінші рет өтуде. Өз біліктілігін көтергілері келген ұстаздар 3-5 қараша аралығында 36 ЖОО-да, екі колледж мен 27 мектепте тестілеуден өтті.