5 қыркүйек – ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.
Осыған орай Ахмет Байтұрсынұлы білім академиясында “Бүгінгі білім беру: тәжірибе мен жаңашылдық” тақырыбында ғылыми-практикалық мәжіліс өтті. Шараға ЖОО-ның жетекші ғалымдары мен еліміздегі үздік білім мекемелерінің көшбасшылары қатысып, тақырыпқа қатысты пікірлерін ортаға салды.
Мәжіліс аясында А.Байтұрсынұлы білім академиясы мекемесінің жаңадан құрылған Академиялық кеңесінің ережелері мен құрамы таныстырылып, мүшелік куәліктері табысталды.
Жиын соңында А.Байтұрсынұлының рухына құран бағышталып, ас берілді.