Алғашқы рет қазақстандық ғалымдар қаңтардан бастап қаржыландырылады

0
127
Ғылыми жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асырушы қазақстандық ғалымдар қаржыландыруды ел тарихында алғашқы рет ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап алады.
Бұл үшін Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексіне, Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, ғылыми жобалар мен бағдарламаларды базалық, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру ұзақ мерзімді келісімшарттары бойынша қаржыландыру аванстық төлем келісімшарт сомасының 50 пайызы мөлшерінде жасалады.
2018 жылдың желтоқсан айынан бастап ғылыми немесе ғылыми-техникалық қызмет субъектілерімен шарт сомасының 50 пайызы мөлшерінде алғы төлемі бойынша қосымша келісімшарт жасасу бойынша жұмыс атқарылған болатын. Бұрын-сонды аванс мөлшері 30 пайызды құрап, жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асырылуы 5-7 ай және  қаржыландыру наурыз-мамыр айларында болғандығын атап өткен жөн.
Аталған іс-шара жылдың басынан бастап шарт талаптарына сәйкес ғалымдарға сапалы және толық көлемде  міндеттерді іске асыруға, сондай-ақ қазірдің өзінде ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап жобалар мен бағдарламалардың орындаушыларына еңбекақы төлеуге мүмкіндік береді, сонымен қатар жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асырылуы 10 айды құрайтын болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз