Дарынды қыздарға арналған «Білім-инновация» лицейінің оқушылары биыл жаңа ғимаратта білім алады. Елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлағандай аталмыш оқу орнының ашылғандығына 15 жыл болса да, оған жеке ғимарат бөлінбеген еді.
Бүгінде «Білім-инновация» лицейінің оқушылары қалалық, республикалық, халықаралық пән олимпиадаларында жүлделі орындарды иеленіп келеді. Бұл лицейде оқуға түсу үшін өткізілетін конкурстың жоғары екендігін көрсетсе керек. Дәлірек айтқанда, бір орынға 20 адамнан келеді.
Ата-аналардың арызын тыңдаған және де ауданның дамуын есепке қоса алған әкім 188 көшеде жақында ғана бой көтерген мектепті дарынды қыздарға арналған «Білім-инновация» лицейіне беруді ұйғарды.