Ауыл оқушылары көз протезін жасады

0
212

Жасанды көзді Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл ауылындағы №1 орта мектеп оқушылары ойлап тапқан. Дария Мұстафина мен Әмір Сайранов жобаларын Наурыз кездесулерінде Оқу-ағарту министріне таныстырды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

“Жасанды көзді үнді робототехнигі Канти Шарманың үлгісімен құрастырдық. Бұл жобаны жасауға өзіміздің сыныптасымыздың жағдайы түрткі болды”,– дейді оқушылар.

Әмір мен Дария жобаны 2 айда жүзеге асырған. Енді олар екінші көз протезін жасап, оны ми нейрондарымен байланысын зерттемекші.

Дария Мұстафина мен Әмір Сайранов, фото: скриншот видео, Оқу-ағарту министрлігінен

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз