“Қазақстан “Болашақ” бағдарламасын Сингапурдан алды”

0
233

Сингапурлық университеттер ешбір мемлекетке білім гранттарын немесе қандай да бір жеңілдіктерді ұсынбайды. Бұл тарапта аталған мемлекет өте қатал әрі жемқорлықсыз немесе таза білімді талап етеді. Бұл туралы бүгін Қазақстанның Сингапурдағы елшісі Үсен Сүлеймен Қазақстан мен Сингапур арасындағы екіжақты ынтымақтастық қарым-қатынасқа байланысты брифинг барысында мәлімдеді.

Үсен Сүлеймен ҚР Сингапур Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі: “Сингапурда білім алғыңыз келсе алғашқы жылы ақылы оқитын боласыз. Келесі жылы өз біліміңізді толықтай дәлелдеген жағдайда ғана грант алуға мүмкіндігіңіз болады”.

Сонымен қатар, әлем бойынша ең жоғары білім саласы Сингапурда дейді дипломат.

“Дүние жүзі бойынша ең жоғары білім – Сингапурда. Білім алу ақысы да сапасына сай қымбат тұрады. Дүние жүзінде 18 ең үздік университеттердің барлығы дерлік Сингапурда орналасқан. 

Елшінің айтуы бойынша Қазақстан бүгінде көпшілікке танымал және тиімді отандық “Болашақ” бағдарламасын Сингапурдан тәжірибие арқылы алған.

“Республикадағы “Болашақ” бағдарламасын Сингапурдан алып келгенбіз. 2003 жылы Сингапур Республикасында білім алған қазақстандық студенттер аталған бағдарламаны тәжірибие арқылы Қазақстандық білім саласына да енгізді”

Қазақстан мен Сингапур арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа биыл 25 жыл. Екі мемлекет арасындағы саяси ынтымақтастықты дамыту мақсатында 1991 жылдың қыркүйегінде Сингапурдың алғашқы Премьер-министрі Қазақстанға ресми сапармен келген болатын. Саяси қарым-қатынастың одан әрі дамуы мақсатында 1996 жылы мамырда Президент басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Сингапурға мемлекеттік сапармен барды.

Екі мемлекеттің ынтымақтастық саяси байланысы барысында сингапурлық Парламент спикері Х. Якобтың Астанаға ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында маусым айында Қазақстанға келсе, 2018 жылы 20-21 қарашада Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев Сингапурға ресми сапармен барып, ҚР Үкіметі мен Сингапур Республикасының Үкіметі арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау, ҚР Үкіметі мен СР Үкіметі арасындағы дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелерін визалық тараптардан босату туралы келісімдерге және “Астана” халықаралық қаржы орталығы CRIMSONLOGIC PTE LD арасында Open Trade Blockchain өнімін енгізу туралы меморондумға қол жеткізген болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз