Қазақстанда магистратура мен докторантураға түсу ережесі өзгерді

0
145

Қазақстанда университеттерге докторантураға түсу үшін талапкерлер шет тілінің халықаралық сертификатын (IELTS, TOEFL және т.б) ұсынуы тиіс. Сертификаты бар үміткерлер университетте таңдаған мамандығы бойынша тағы да емтихан тапсырады. Бұл туралы Қазақстан білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов Facebook парақшасында жазды.

Вице-министрдің жазуынша, магистратура гранттары біріңғай емтихан қорытындысы бойынша таратылады.

“Үміткерлер ұлттық тестілеу орталығы өткізетін кешенді тестті тапсыруы тиіс. Осы тестте жинаған ұпайлары бойынша грант алады. Талапкер оқитын университетін өзі таңдайды” деп жазды министрлік өкілі.

Қазақстанда бұған дейін магистратура мен докторантура гранттарын университеттер тарататын. Талапкерлер алдымен шет тілінен тест тапсырып, кейін университет емтиханынан өтетін. Тіл және жазбаша емтихан қорытындысы бойынша көп балл жинаған талапкерлер грант алатын. Азаттық сайтының хабарлауынша, бұл жүйе қоғамда жемқорлық дауын тудырған. Талапкерлердің көбі университет ұйымдастыратын емтиханның жауабы сатылатынын айтып, жиі шағымданатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз