Қазақстанда Ресейдің бес университетінің филиалы ашылады

0
255
Студенттер.

2 ақпан күнгі брифингте білім және ғылым министрлігі білім сапасын қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова алдағы бірнеше жылда Қазақстанда Ресейдің бес университетінің филиалын ашу жоспарда барын айтты.

“Қазір Ресей тарабымен келісіп жатырмыз. Шешім қабылданғаннан кейін әрине енгізіледі. Алайда 2025 жылға қарай бес университеттің филиалы ашылатынын атап өте кетейін” деді Көбенова.

Ресей жоғары оқу орындарын таңдау себебі және олардың басым бөлігі беделді 100 университет тізімінде жоқ екеніне қатысты түсініктеме берген Көбенова “арнайы пән бойынша рейтингтерді” қарауға кеңес берді.

“Мәскеу ұлттық ядролық зерттеу университеті немесе Бауман атындағы Мәскеу университеті немесе Новосибирск университетінің мамандарды дайындау тәжірибесі бар” деді ол.

Әлемнің 100 университеті рейтингісіне Ресейдің тек бір оқу орны ғана – Мәскеу гуманитарлық университеті кірген. Новосибирск 246-орында тұр. Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті – 281-орында, Мәскеу ұлттық зерттеу ядролық университеті – 319-орында тұр.

28 қаңтарда “Болашақ” бағдарламасы бойынша оқитын қазақстандық студенттерге арналған оқу орындарының тізіміне бес ресейлік оқу орны қосылған: Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті, Ұлттық ядролық зерттеу университеті, Мәскеу мемлекеттік университеті, Мәскеу физика-техникалық университеті.

11 қаңтарда парламентте сөйлеген президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда Ресейдің алдыңғы қатарлы техникалық оқу орындарының бөлімшесі ашылатынын және 2025 жылға қарай шетел университетінің кемінде бес бөлімшесін ашу қажеттігін атап өткен. Ірі бизнес өкілдерімен кездесу кезінде Тоқаев “Болашақ” бағдарламасын Ресейдің техникалық жоғары оқу орындарына қарай бағдарлау қажеттігін айтқан.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз