Қазақстандық ғалым сынықты емдейтін гидрогель ойлап тапты

0
302
Фото: zakon.kz, Вячеслав Огай

Ұлттық биотехнология орталығының ғалымы Вячеслав Огай күрделі сынықтарды қалпына келтірудің бірегей технологиясын жасап шығарды. Ол сынықтар мен зақымдалған тізе буындарын емдеуді жеделдететін гидрогель ойлап тапты. Бұл туралы білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Арнайы технологияның арқасында операциядан кейін 3-6 ай ішінде сүйек және шеміршек тіндері қалпына келеді. Клиникаға дейінгі сынақтардың нәтижелері препараттың тиімділігі жоғары екенін растаған.

“Сүйек ақауларын толықтай қалпына келтіру травматология мен ортопедиядағы күрделі және шешілмеген мәселелердің бірі болып қала береді. Емдеу үшін сүйек алмастырғыштарын қолдана отырып, остеопластиканың әртүрлі әдістері жиі қолданылады. Бірақ бұл операцияның нәтижесінде сүйек әрдайым толық қалпына келмейді. Біз сүйек ақауларының толық қалпына келуіне ықпал ететін технологияны жасадық. Бағаналы жасушалар мен табиғи биополимерлер зақымдалған сүйек немесе шеміршек тіндерін қалпына келтіру процесін жеделдетеді”, – деді ұлттық биотехнология орталығының бағаналы жасушалар зертханасының меңгерушісі, профессор Вячеслав Огай.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз