Қазақстандық оқушылар демалысқа ерте шығады

0
108

Коронавирустың алдын алуға байланысты Қазақстан мектептерінде көктемгі демалыс бір апта ерте басталады. Бұл туралы 12 наурызда Нұр-Сұлтанда өткен брифинг кезінде премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты.

– Орта білім беру мекемелері 16 наурыз бен 5 сәуір аралығында демалысқа шығады. 16 наурыздан бастап кәсіптік-техникалық білім беру мекемелері мен жоғары оқу орындары мүмкіндігінше қашықтықтан оқуға көшеді, – деді Ералы Тоғжанов.

Егер демалыс аяқталғанға дейін жағдай оңалмаса, онда қашықтықтан оқыту әдістеріне сүйенуге тура келеді деді Тоғжанов. Оның айтуынша, қазақстандық оқу орындарының қашықтықтан оқыту жүйесін пайдалану бойынша тәжірибесі бар. Canvas, Platonus, google classroom сияқты онлайн оқу жүйелерін қолданатын кейбір оқу орындары жартылай онлайн оқытуға да көшкен.

Қазақстан мектептерінде демалыс 21 наурызда басталып, 2 сәуірде аяқталуы тиіс болған. Демалыс кезінде оқушылардың экскурсияға шығуына да тыйым салынады.

Тоғжановтың айтуынша, балабақшалар бұрынғыша жұмысын жалғастыра береді.

Қазақстанда ресми дерек бойынша, коронавирус табылмаған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз