Бұдан былай білім гранттарын бөлу тікелей эфирден көрсетіледі

0
78

Білім беру саласында конкурстар, олимпиадалар және гранттарды бөлу ашық форматта өткізілуі тиіс. Бұл туралы 15 ақпан күні ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев ЕҰУ ғимаратында өткен ведомствоның алқа отырысында мәлімдеді.

“Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жас ғалымдарға берілетін грант сомасы 3 млрд теңгеге көбейеді. Ғылымды қаржыландыру механизмдері мен ұлттық ғылыми кеңес (ҰҒК) реформасы бір уақытта толық жүргізіліп жатыр. Біріншіден, ҰҒК жаңартылған құрамы жобасы БҒМ сайтында орналасқан. Ғылыми қоғамдастыққа барлық үміткерлер бойынша пікірлерін айтуды сұраймын, шағымдар болса мұны дәл қазір айту керек. Барлық пікірлер ашық түрде жарияланады, әр пікірге құлақ асатын боламыз. Кім ұнамайды, мұны алдағы 20 күн ішінде көпшілік алдында айтыңыздар”, — деді Ерлан Сағадиев.

Ол Ғылым комитетіне барлық нормативті құжаттамаларды жөндеу тапсырылғанын айтты.

“Жаңа нормативті сайтқа жарияладық. Ғылыми қоғамдастықтан өтінерім, талап-тілектеріңіз болса, дәл қазір айтыңыздар. Ғылым комитетіне ҰҒК келесі отырысын тікелей эфирде трансляциялау туралы тапсырма бердік. Ал келесі гранттарды бөлу жиыны прессамен бірге өтеді. Барлығы аквариумдегідей көрініп тұруы тиіс. Барлығы әр пікірді естуі тиіс. “Дарынды” қарайық, 20 жылдан бері алғаш рет ғылыми жобалар конкурсын онлайн режимде өткіздік. Жаңа басшылық пен ұжымға алғысымды айтамын. Осы жүйемен барлық деңгейде әрі қарай жұмыс істейтін боламыз”, — деді министр.

Айта кетейік, БҒМ-ның кеңейтілген алқа отырысында 2018 жылы білім саласында атқарылған жұмыстар туралы айтылды. Ведомство басшысы Ерлан Сағадиев балалардың 95 пайызы балабақшамен қамтылғанын айтты. Сондай-ақ ол еріктілік қызметпен айналысатын студенттерге сағатына 1000 теңге төленетіні туралы және Қазақстанда оқу жетістіктерін сырттай бағалау процедурасы алынып тасталатынын хабарлады.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз