Бақыт формуласы: БИЛ оқушылары арасында Көңілді тапқырлар лигасының финалы өтті

0
791
"Тентек қошқарларды" марапаттау сәті.

16 сәуірде Нұр-Сұлтанда “Білім-инновация” қорына қатысты білім мекемелерінің оқушылары арасында Көңілді тапқырлар лигасының финалы өтті.  

“Білім-инновация” қорының президенті Дархан Өте финал ойындарын ашып берді.

“Бақыттың кілті” неде?

Биыл “Бақыттың кілті” атты тақырыппен бесінші жыл ұйымдастырылған KTL (Көңілді тапқырлар лигасына) финал ойындарына әр аймақтан іріктелген “Білім-инновация” қорына қарасты білім мекемелерінің оқушыларынан құралған 6 команда қатысты.

Көңілді тапқырлар лигасының финалистері.

Өнерпаздардың әрқайсы “Бақыттың кілтін” түсіндіруге тырысып бақты. Біреу үшін ол бірлік, достық, тәрбие, білім. Ал бұл білімпаздар “Бақыттың кілтін” өнерлерімен көрерменге ұсына алды. 

Қандай командалар бақ сынады?

Финалға аймақтық кезеңнің жеңімпазы атанған 6 команда қатысты. Олар: Семей “Білім-инновация” лицейінің командасы – “Sbil Gates”, Қызылорда ұлдар БИЛ – “Абидің балалары”, Жезқазған ұлдар БИЛ – “Нағыз қазақтар”, Silkway мектебі Атырау – “Батыс хиярлары”,  Шымкент ұлдаар БИЛ – “Тентек Қошқарлар” және Сүлейман Демирель колледжі – “Жалынды Әгүршіктер”.

Жезқазғаннан келген “Нағыз қазақтар” командасы.

 

Шымкенттің “Тентек қошқарлары”.

 

Қызылордалық “Абидің балалары”.

 

Атыраудын келген “Батыс хиярлары”.

 

Алматыдан келген студент “Жалынды әгүршіктер”.

 

Көңілді тапқырлар лигасының түлектері СДУ құрамасы да өз өнерін көрсетті.

Әділ қазылардан бірер сөз

Финалда әділ қазы алқасы болған Нархоз университетінің провосты Қанат Қожахмет КТЛ финалының жыл сайын сапасы аартып келе жатқанын, келесіде әділ қазы құрамында болуға біраз ойланатынын айтты.

НАРХОЗ университетінің провосты Қанат Қожахмет сөйлеп жатыр.

Әділ қазылар құрамында бірнеше БИЛ түлегі болды. Солардың бірі мәжіліс депутаты Саясат Нұрбек. Ол бүгінгі жарыстан қатты әсерленгенін жеткізіп лицейде оқып жүргендегі естен кетпес сәттерімен бөлісті. 

БИЛ түлегі әділ қазылар құрамында болған РИНГО тобының әншісі Аян Бірбаев та өмірінде БИЛ-дің алар орны ерекше екенін, өміріндегі таныстарының 80 пайызы БИЛ-мен байланысты жандар екенін мақтанышпен айтты. 

Әнші Аян Бірбаев КТЛ финалында әділ қазы ретінде сөз сөйлеуде.

Дәстүр бойынша KTL ойнаған 11 сынып оқушылары білім гранттарын иеленді

Жарыста көзге түскен 11-сынып оқушыларына НАРХОЗ, СДУ және Астана халықаралық университеті білім гранттарымен марапаттады.

Көңілді тапқырлар лигасының бас демеушісі “Happy Cake” кондитерлік компаниясының басшысы Асхат Солтанов білімпаздарға түрлі сомада ақшалай сыйақы тағайындады. Әділ қазылар құрамынды болған БИЛ түлектері Алмас Жали мен Қыран Талапбек финалдың үздік ойыншыларына 300 мың теңгеден табыстады.

Әділ қазылар алқасының шешімімен үздік шыққан Шымкент ұлдар “Білім-инновация” лицейінің “Тентек қошқарлар” командасы ауыспалы кубок пен 400 мың теңгенің иегері атанды.

“Тентек қошқарларды” марапаттау сәті.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз