Бастауыш пен жоғары сынып оқушылары бөлек ғимаратта оқиды

0
139
photo: eduindex.kz

«Жайлы мектеп» жобасы аясында мектептер ауылда да, қалада да бірыңғай стандартпен салынады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Қаржы және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры Ғалымжан Молдаш айтты.

Оның айтуынша, жаңа мектептер бұрын салынған мектептерден ерекше болмақ. Атап айтқанда, жайлы мектептер ауылда да, қалада да бірыңғай стандартпен салынып, пәндік кабинеттермен және зертханалармен толық жабдықталады. Оны Білім саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінде айтты.

1. 1-4 сынып оқушылары және 5-11 сынып оқушылары үшін ғимараттар бөлек блоктардан тұрады.
2. Мектептің спорт залдары 1-4 сынып және 5-11 сынып оқушылары үшін бөлек орналасады. Олар оқушылардың санына сай есептеледі.
3. Әрбір мектепте қыздар мен ұлдарды еңбекке баулуға арналған арнайы шеберханалар, студиялар қарастырылады.

Сондай-ақ қалаларда және белсінді дамып келе жатқан перспективкасы бар елді мекендерде жобалық қуаты 300-ден 2500-ге дейін 369 мектепті салу арқылы 740 мың жаңа оқушы орнын құру жоспарланып жатқаны айтылды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз