Күні кеше Алматыда мәресіне жеткен XX Халықаралық Жәутіков олимпиадасында “Білім-инновация” ХҚҚ лицейлерінің оқушылары 46 медаль жеңіп алды.
Оқи отырыңыз: БИЛ оқушылары пән олимпиадасында үздік екенін тағы да дәлелдеді
Алматыда математика, физика және информатика (IZhO) пәндері бойынша XX халықаралық Жәутіков атындағы олимпиадасына жалпы БИЛ атынан 58 оқушы қатысқан. Олардың 79%-ы жүлделі нәтижеге қол жеткізіп отыр.
Білімпаздар мына пәндер бойынша медаль иегері атанды:
⠀
Математика – 1 алтын, 9 күміс, 8 қола;
Информатика – 2 алтын, 6 күміс, 9 қола;
Физика – 1 алтын, 1 күміс, 8 қола.
Биыл бұл олимпиадаға әлемнің 15 елінен 650-ден астам мектеп оқушылары қатысты.
Оқи отырыңыз: Алматыда Халықаралық Жәутіков олимпиадасы аяқталды
⠀
⠀