Қазақстанның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов биылғы ұлттық біріңғай тестілеудің (ҰБТ) қалай өткенін, тесттегі сұрақтардың “көңіл көншітпейтінін” айтты.
“Сұрақтардың мазмұны әлі де көңілімізден шықпайды. Соңғы бірнеше жылда тестілеу сұрақтарының базасын жаңарту бойынша жұмыс жүргізілгендігіне қарамастан, сұрақтардың басым бөлігі әлі де қажетсіз фактілерді жаттап, есте сақтауға бағытталған”, – деді министр.
Аймағамбетов бірінші орынға сыни ойлау мен функционалдық сауаттылықты қоймаса, жаттанды ақпаратты автоматты түрде айту арқылы оқу процесі маңыздылығын жоғалтатынын айтады.
Ведомство басшысы функционалдық сауаттылыққа мән беру және білімді өмірде қолданатын кез келгенін, енді тестің базасын SAT, PISA секілді тестердің үлгісі бойынша толық жаңарту мәселесі тұрғанын жеткізді.