Биыл докторантураға түсу емтиханы электронды форматта өтеді

0
126
Photo: news.tpu.ru

2021 жылы докторантураға түсу емтихандары алғаш рет электронды форматта өтеді. Бұл туралы  білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Білім министрі Асхат Аймағамбетов “Antikor.Live” жобасында биыл докторантураға түсу емтиханы электронды форматта өтетінін баяндады. Сонымен қатар емтиханды электрон форматта өткізудің сыбайлас жемқорлықты жою жағынан тиімді екенін айтты.

“Өткен жылы магистратураға алғаш рет пилоттық режимде электрондық форматта қабылдадық. Биыл да бұл рәсім электрондық форматта өтеді. Біз бұл механизм сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою тұрғысынан өте дұрыс және тиімді екенін байқадық. Енді магистратураға қабылдау тұрақты негізде электрондық форматта жүзеге асырылады”, – деп атап өтті Асхат Аймағамбетов.

Сонымен қатар Асхат Аймағамбетов студенттерге шәкіртақы төлеудің жаңа жүйесін әзірлеу туралы айтып берді. Ендігі кезекте студенттер, магистранттар мен докторанттардың стипендиялары олардың карта шоттарына тікелей түсетін болады деп жоспарланып отыр. Бұған дейін шәкіртақыны студенттердің үлгеріміне қарап, жоғары оқу орындарының өздері аударатын еді. Пилоттық жобаны іске асыру басталып кетті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз