2018 жылы мектеп бітірген түлектер ҰБТ мен КТ тестін қайта тапсыруға мүмкіндік алды. Тестілеу тамыз айының 15-19 аралығында өтеді.
«Қазақстанда 15 тамыздан бастап ұлттық бірыңғай тестілеуді қайта тапсыру және кешенді тестілеу басталды» – деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігі.
Талапкерлерден тестті қайта тапсыруға өтініштер 25 шілдесінен 3 тамыз аралығында қабылданды. Биыл 40 718 адам сынақты қайта тапсырады. Жалпы, өтініш берушілердің 66 пайызы ҰБТ мен КТ-ны қазақ тілінде, 33 пайызы – орыс тілінде және 11 адам ағылшын тілінде тапсырады.
Қайта тестілеуден өту ақысы – 2 242 теңге. Қазпошта немесе Халық банк арқылы төлеуге болады.
Білім және ғылым министрлігі хабарлауына байланысты, ҰБТ-ны қайта тапсырудың бірнеше себебі бар: түлектер ұпай саны шектік балға жетпей қалса, нәтижесі жойылса немесе ҰБТ/КТ-ға қатыспаған жағдайда.
«Бұл жолы бес пән бойынша сұрақтарға толық білім беретін бөлімде оқығысы келетін 18500 адам жауап береді, ал қысқартылған бағдарлама бойынша білім алғысы келетін 22 218 адам екі пәннен ғана тапсырады», – дейді мамандар.
Ұлттық бірыңғай және кешенді тестілеу ағымдағы жылдың 19 тамызына дейін 40 ЖОО базасында жалғасады.
Қайта тапсырылған тесттің қорытындысы сол күні Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жарияланады. Ал, егер келіспеушіліктер болып жатса аппеляция тапсырылған күні түске дейін өткізіліп үлгеруі керек.
Аяжан Мадибекова