Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мұғалімдер МӘМС-ке тұрақты түрде жарна төлесе де, дәрігерге көрінерде проблемаларға тап болатынын айтқан болатын. Енді жақын арада бұл мәселе шешімін таппақ.
“Бұл үлкен мәселе. Бізде мыңдаған мұғалім ай сайын МӘМС-ке жарнасын төлеп отырса да, еңбек демалысынан шыққанда оларға «Сіз МӘМС-те жоқсыз» дейді. Неге жоқ екенін сұраса, жарна төлемегенін айтады. Неге? Өйткені бізде кем дегенде 3 ай бойы жарна төлемесең, онда МӘМС жүйесінен шығып қалатын норма бар”, – деді Аймағамбетов.
Оның сөзінше, мұғалімдер еңбек демалысына кетерде есепші оларға бірден үш айдың жарнасын бір төлеммен аудара салады. Ал оны МӘМС-тің жүйесі танымайды.
“Жүйе қаражаттың көп түскеніне қарамастан, автоматты түрде мұғалімдерді МӘМС-тен алып тастап жатыр. Сол себепті біз Денсаулық сақтау жүйесіне талап қойдық. Қазір ведомтсво осы бағытта жұмыс істеп жатыр. Жақын арада бұл мәселе толығымен шешімін табады”, – деп түсіндірді депутат Асхат Аймағамбетов.
Аймағамбетов мұғалімдер МӘМС-ке тұрақты түрде жарна төлесе де, дәрігерге көрінерде проблемаларға тап болатынын өңірлерде жүргенінде көтерген болатын.
View this post on Instagram