Еліміз бойынша ҰБТ сынағы басталды

0
74

20 маусым күні еліміз бойынша мектеп бітіруші түлектер үшін Ұлттық Бірыңғай Тестілеу сынағы басталды. 

Бүгін Нұр- Сұлтан қаласында таңертеңгі сағат 9:00 де мектеп бітіруші түлектер Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ҰБТ тапсыруды бастады. Алғашқы күні 600 оқушы тестке кірді. Оқушылардың ата- аналарына университет акт залынан арнайы орын дайындалған. Залдан ата- аналар балаларын тікелей байланыс арқылы арнайы қойылған теледидардан көре алады.

-Білім және ғылым министрі: жаттанды сұрақтарды сұрамауымыз керек

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов тест тапсырушы түлектерге сәттілік тілеп, тест қорабын ашып берді. БАҚ өкілдеріне және ата- аналарға төмендегі сұрақтар бойынша жауап берді:

-Биылғы ҰБТ- нің ерекшелігі қандай?

“Биылғы тест сұрақтары 30% жаңартылды. Ең бастысы тест сұрақтарын жәй ғана жаңартуда емес, жаттанды сұрақтарды сұрамауымыз керек. Мысалы: қай жылы туды, саны қанша еді деген сияқты сұрақтар. Ең бастысы функционалдық сауаттылық. Алған білімін дұрыс пайдалана алуы, логикасы өте маңызды. Тест сұрақтары осы бағытқа қарай ауыстырылып жатыр.

Біріншіден, балаларға психологиялық қысымды азайтуға бағытталған шаралар ұйымдастырдық. Осы жылы мектеп бітіруші 134 000 түлек болса,  соның 115 000 қаңтар, наурыз айларындағы ҰБТ- ге қатысып бақтарын сынап көрді. Соның 70% шекті баллды жинады. Ол тапсырған балалар ақылы негізде оқуға түсе алады.

Екіншіден колледж бітіруші түлектер алған мамандығын жоғарғы оқу орнында жалғастырамын десе, өзі таңдаған ЖОО барып емтихан тапсыру жүйесі арқылы оқуға түсе алады. ҰБТ- ні тапсырмайды”.

-Оқушылар телефонмен немесе түрлі шпаргалкамен ұсталып қалса тесттен шығарылады ма?

“Біріншіден әкелген құралдарын қалай ішке кіргіземін деп барлық ойы соған кетеді. Екіншіден алып кірген жағдайда оны қалай сыртқа алып шығамын деп соған әлек болады. Сондықтан балалар өздері алған білімдері арқылы тапсырғаны жөн. Егерде ол баланың жинаған балы сол құралдарды қолдану арқылы болған болса тиісті шаралар қолданылады. Тестілеу аумағынан шығарылады. Өйткені, ең бастысы әділдік болуы керек. Ең басты айта кететін мәселе бала тесттен шығарылған жағдайда тамыз айында болатын ҰБТ- ге қатыса алады. Ол тек қана ақылы оқу орнына түсу мүмкіншілігін береді”.

-Оқушыларға көмектескен мектеп директорларына, мұғалімдеріне жаза қолданыла ма?

“Министрлік осы жылдан бастап рейтинг жасамайды. Басқа облыс, қала, аудан, ауылдарға да рейтинг жасамау туралы тапсырма берілді. Әр мектеп, әр мұғалім өзі жоғары көрсеткішке жету үшін, кейін үлкен сұраныс болады деген есеппен осындай әрекеттерге барады. Осы жылы барлығы заңнаманы бұзбайды деген сенімдеміз. Егерде көмектескен директор, мұғалім, басқа да адамдар болатын болса заңнамаға сәйкес тиісті шара қолданылады”.

Республика бойынша 117242 бала ҰБТ- ге қатысады. Жалпы тестілеу уақыты тоғыз күнге жоспарланған. Алғашқы күні еліміз бойынша 13000 бала өздерінің бақтарын сынауда.

“Биылғы жылы мемлекет тарапынан бакалаврға тапсырушыларға 53000 грант бөлінді. Бұл балаларымыздың білім алуына, ЖОО түсуіне үлкен мүмкіндік дейді”-  білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өз сөзінде.

Фоторепортаж:

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз