Жалпы білім беру мектептерінің мұғалімдері арасында “Үздік педагог – 2019” республикалық байқауы қалалық кезеңінің қорытындысы шықты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінің сайты хабарлады.
Іріктеу турларының қорытындысы бойынша, үздік нәтиже көрсеткен тоғыз қатысушы “Менің педагогикалық ұстанымым” кезеңі бойынша өзін-өзі таныстырды.
Байқау қорытындысы бойынша, бас жүлдені дарынды ер балаларға арналған “Білім-инновация” лицейінің математика пәні мұғалімі Муаммер Гул алды.
Бірінші орынды №76 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ернұр Омарханов, екінші орынды №70 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айгүл Бейсенбина иеленді.
Үшінші орынды № 62 мектеп-лицейінің география пәні мұғалімі Алма Тұрғамбекова және дарынды қыз балаларға арналған “Білім-инновация” лицейінің физика пәні мұғалімі Данияр Измаилов еншіледі.
Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері білім басқармасының дипломдары, білім беруді жаңғырту орталығының сертификаттары, сондай-ақ ақшалай сыйақымен марапатталды.