Физика бойынша Нобель сыйлығының иегерлері белгілі болды

0
268
Осы жылы физика бойынша Нобель сыйлығын алған ғалымдар.

Физика бойынша осы жылғы Нобель сыйлығын Оксфорд университетінің профессор Роджер Пенроуз, германиялық ғалым Рейнхард Герцель және америкалық физик Андреа Гез алды. Сыйлық иегерлерінің есімі Стокгольмдегі марапаттау рәсімінде жарияланды.

Ғалым Пенроузға салыстырмалылық теория аясында қара құрдымды зерттегені үшін берілді. Ал Гензель мен Гез “галактиканың орталығында өте ауыр объектіні ашқаны үшін” Нобель алды.

Пенроуз сыйақының жартысын, Гензель мен Гез жартысын алады.

Бұған дейін, 5 қазанда физиология және медицина бойынша 2020 жылғы Нобель сыйлығы С гепатиті вирусын ашып, осы дертпен күреске үлес қосқан ғалымдар – америкалық Харвин Олтер мен Чарльз Райс және британдық Майкл Хоутон алды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз