Интернеттегі қазақша контенттің ахуалы қалай?

1
511
Суретте солдан оңға қарай: "Шоу Ирины Кайратовны" жобасының авторы Қуаныш Бейсеков, "Ұлан" газетінің редакторы Жұлдыз Әбділда, блогер Өркен Кенжебек.

6 желтоқсан күні Астанада “Qazforum 2018” атты қазақ интернетінде контент жасаушылардың форумы өтіп жатыр. 25-ке тарта журналист, блогер, қоғам белсенділері медиа сауаттылық, өндірістік революция, хайп мәдениет, интернеттегі контент тақырыптарын төрт сессияға бөліп талқылады. 

Форумның бірінші тақырыбы “Контент басқарудың заманауи технологиялары” атты сессиямен басталды. Бірінші бөлімде Айдос Сарым, Мақпал Жұмабай, Думан Қожахметов, Ербол Азанбек, Ербол Серікбай, Асқар Умаров секілді мамандар өз ойын ортаға салды.

“Ақылды журналистика: шынайылықтың медиалануы” атты екінші бөлімде Павел Притчин, Михаил Дорофеев, Абай Серғазиев, Сергей Ахметов, Мирус құрмашев секілді кәсіби мамандар IT тақырыбында әңгіме өрбітті.

Бүгінгі заманның тақырыбы “Хайп – мәдениет феномені” үшінші сессияда сөз болды. Бұл бөлімде Ерболат Беделхан, Динара Сәтжан, Өркен Кенжебек, Жұлдыз Әбділда, Қуаныш Бейсеков сөз алды.

Форум келешек трендерге шолу жасаумен аяқталды. Төртінші сессияда спикерлер Саясат Нұрбек, Тимур Бектұр, Айбын Шағалақ, Расул Абдуллаев, Асхат Еркімбай болашаққа болжам жасап, көрермендерді тың тақырыптармен таныстырды.

Абдіманап Кеңес,

Журналист

1 ПІКІР

  1. “Ақылды журналистика: шынайылықтың медиалануы” атты екінші бөлімде Павел Притчин, Михаил Дорофеев, Абай Серғазиев, Сергей Ахметов, Мирус “”құрмашев””(кішкентай әріптермен жазылып кетіпті) секілді кәсіби мамандар IT тақырыбында әңгіме өрбітті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз