Қазақстандық 12-сынып оқушылары Кибриянур Абдугафарова және Дүйсенбеков Данат шетелдік үздік университеттерден шақырту алды.
Дүйсенбеков Данат, АҚШ-тың Мичиган, Джорджия, Калифорниялық Сан-Диего және Санта-Барбара университеттері мен Ұлыбританиядағы Кембридж университтеріне оқуға түсуге ұсыныс алған.
Ал, Кибриянур Абдугафарова АҚШ-та орналасқан Ричмонд және Дрексель университеттеріне, Канадада орналасқан Британдық Колумбия және Оңтүстік Кореядағы КАИСТ университеттерінде оқуын жалғастыруға мүмкіндік алып отыр.
Кибриянур мен Данат «Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қорына қарасты мектептердің оқушылары. Данат, Нұр-Сұлтан қаласындағы “Spectrum” халықаралық мектебінде білім алып жатса, Кибриянур, «GALAXY» халықаралық мектебінің оқушысы.
Кибриянур, әзірге болашақта білім алатын нақты университетін таңдамаған. Ал, Данаттың таңдауы Ұлыбританиядағы Кембридж университетіне түсіп отыр. Ол жаңа оқу жылынан бастап осы университетте білімін жалғастыратын болады. Айта кетейік, аталмыш университет әлемнің үздік университеттері рейтингісінде 6-орында.
Сондай-ақ Дүйсенбеков Данат әлемнің үздік мұғалімі Муаммер Гүлдің шәкірті. Ол «Spectrum» халықаралық мектебіне дейін Нұр-Сұлтан қаласындағы дарынды ұл балаларға арналған «Білім-Инновация» лицейінде білім алып, әлем мұғалімінің жетекшілігімен халықаралық, республикалық олимпиадалардың жүлдегері атанған.
Дуйсенбеков Данаттың жетістіктері:
- Халықаралық математика олимпиадасы (IMO) 2019 ж 2-орын
- Халықаралық математика олимпиадасы (IMO) 2020 ж 3-орын
- Халықаралық Жәутіков олимпиадасы 2021 ж 1-орын
- Азия Тынық мұхит математика олимпиадасы 2021 ж 1-орын
- Жібек жолы олимпиадасы 1-орын
Абдугафарова Кибриянурдың жетістіктері:
- Халықаралық химия олимпиадасы 3-орын
- Халықаралық Менделеев олимпиадасы 3-орын
- Республикалық олимпиада 3 жыл қатарынан 1-орын
- Халықаралық Туймаада олимпиадасы 3-орын
- Ботсванада өткен 15-ші Халықаралық Junior Scince олимпиадасының алғыс хат иегері.
- Қытай мен Кореяда өткен Science Camp қатысушысы
- АҚШ-тың Алабама штатында өткен Space Camp қатысушысы.