Ұлттық тестілеу орталығы әкімдік гранттарын тағайындау конкурсына құжат қабылдау мерзімі 18 тамызға дейін ұзартылғанын хабарлады.
“Жергілікті атқарушы органның гранттарын тағайындау конкурсына құжаттарды қабылдау мерзімі 18 тамызға дейін ұзартылды. Егер жалпы грант бойынша түспеген болсаңыз, онда бұл мүмкіндікті өткізіп алмаңыз”, – деп жазылған Ұлттық тестілеу орталығының Instagram парақшасында.
Жаңа оқу жылына 2 540 әкімдік гранты бөлінген. Құжат қабылдау 5-18 тамыз аралығында өтеді. Құжаттар ЖОО-ның виртуалды қабылдау комиссиясына тапсырылады.
Конкурсқа құжат тапсырған кезде талапкер 4 жоғары оқу орнын және 4 білім бағдарламасын таңдай алады. Бірақ олар бір облыста болуы керек.
Грант ұтып алған жағдайда оқу аяқталған соң, дәл сол аймақта жұмыс істеуі керек.