Колледж студенттеріне табыс табуға заңды түрде рұқсат етілді

0
203
Фото: rg.ru

Мемлекеттік колледждің студенттеріне оқуын тоқтатпай-ақ ақша табуға мүмкіндік берілген, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2021-2022 оқу жылында қабылданған заңнамалық нормалардың арқасында мыңдаған студент табыс тапқан. Яғни жаңа заңнамалық түзетулер колледж студентіне оқу-өндірістік цех пен оқу шаруашылығында өзі өндірген өнімді сатуға мүмкіндік береді. Өзгерісті әзірлеушілер мұндай шара студенттің оқуға деген қызығушылығын арттырып, ынталандыратынын атап өткен.

“Қазіргі таңда 444 мемлекеттік колледждің 97-інде студенттер өз өнімдері мен қызметтерін сатып жатыр. Мысалы, олар колледж қабырғасында дайындалған тәттілерді, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдерді сатады. Сондай-ақ «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша оқитын студенттер өндірістік тәжірибе кезінде темірден конструкциялар жасап, еңбек нарығына шығарады. Біз бұл жерде толық кәсіпкерлік қызмет туралы емес, тек өндірістік оқу мен тәжірибе кезінде өндірілген өнімдердің сатылып, колледж бюджетін толықтыруға болатынын ғана айтып отырмыз. Бұл қаражатты өндірістік оқытуға арналған электродтарды немесе металды сатып алуға пайдалануға болады. Мұндай жұмыстар еліміздің басқа колледждерінде де жалғасын табады”, – дейді Оқу-ағарту министрлігі техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Насымжан Оспанова.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз