Латвиядағы жоғарғы заң шығарушы билік 21 маусымда білім жүйесіне елдің жекеменшік жоғарғы оқу орындары мен колледждерінде орыс тілінде білім беруге тыйым салатын заңнамалық түзетулер енгізді.
Латвияның жекеменшік жоғарғы оқу орындарында 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап латыш тілінде ғана білім берілетін болады.
Латвиядағы орыс тілінің мәртебесіне қатысты өзгертулер білім беру мекемелерін біртіндеп латыш тіліне көшіруді көздейді. Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше 2021 жылға қарай орта мектептер толығымен латыш тіліне көшірілуі тиіс.
Айта кетерлігі, 2017 жылғы деректер бойынша Латвияның жекеменшік жоғарғы оқу орындарында щамамен 15.5 мың студент білім алуда, олардың 34%-ы орыс тілінде.
Білім жүйесіндегі аталған заңнамалық өзгертулер 2019 жылдың 1 қаңтарында күшіне енеді.