“Әлеуметтік студенттік кредит” жобасы қыркүйекте іске қосылады

0
195
Сурет: БЖҒ министрлігінің баспасөз қызметі.

ҚР білім және ғылым министрлігі мен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі арасында “Әлеуметтік студенттік кредит” жобасын іске асыру аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл туралы БҒМ баспасөз қызметі хабарлады.

Жиынға ҚР білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова, ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Есин қатысты.

Жоба негізінде ЖОО студенттері ақшалай сыйақы алып, қоғамдық жұмыс нәтижесінде академиялық кредиттерін қайта есепке ала алады. Күндізгі оқу нысанындағы ЖОО студенттеріне келесі әлеуметтік студенттік кредит түрлері ұсынылады:

1) 20 сағат қызметі үшін 20 000 теңгеге кредит;

2) 50 сағат қызметі үшін 50 000 теңгеге кредит.

Студенттер ерікті ретінде балалар үйінде, қарттар үйінде, білім беру және басқа да әлеуметтік мекемелерде көмек көрсетеді.

“Әлеуметтік студенттік кредит” жобасын іске қосу 2019 жылдың қыркүйек айына жоспарланған, ал оның тақырыптық модулі “Qazvolunteer.kz” еріктілердің бірыңғай интернет платформасында орналасады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз