22 қаңтарда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ғылым академиясының президенті қызметіне Ақылбек Күрішбаевты тағайындады. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.

62 жастағы Ақылбек Күрішбаев Қазақ ауылшаруашылық институтын «Агрохимия және топырақтану» мамандығы бойынша үздік бітірді. Еңбек жолын Алматы облысы Талғар ауданындағы МРСХО бірлестігінде комбайнер болып бастаған.

2008 – 2011 ж.ж. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі лауазымында болды.

2011 – 2020 ж.ж. «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» Акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы қызметін атқарды.

2020 ж. 27 тамыз – 2022 ж. 12 қазан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болды.

2022 ж. 1 қарашадан бастап «Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы әрі ректоры қызметін атқарды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы (ҚР ҰҒА) құрамына Қазақстанның ең алдыңғы қатарлы ғалымдары – Академияның толық мүшелері (академиктер) және корреспондент-мүшелері кіретін республикалық қоғамдық бірлестік болып табылады. ҚР ҰҒА құрамында 228 мүше (155 – академик және 73 – корреспондент-мүшелері), 17 шетелдік және 110 құрметті мүшесі, 41 ұжымдық мүшелері, 23 – ҚР ҰҒА профессоры бар.

ҚазКСР Ғылым Академиясы 1946 жылдың 1 маусымында құрылған. Алғашқы басшысы Қаныш Имантайұлы Сәтбаев. Қазақстанда ғылыми қызметкерлер күні Қ.И. Сәтбаевтың туған күніне орай 12 сәуірге белгіленген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз