22 сәуір күні Ақтау қаласы Шахмардан Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар мен инжиниринг университеті жастар жылы қарсаңында еліміздің әр түкпірінен келген “студенттер фестиваліне” қатысушыларға 100 грант берді.
Студенттер фестивалінің мақсаты – жастардың мәдени, рухани дамуына және шығармашылық өсуіне ықпал ету.
Фестиваль барысында қатысушылар “жас кәсіпкер”, “пән олимпиядалары”, “дебат”, әр түрлі тақырыптарда “стартап жобалары” бойынша бақтарын сынады.
Каспий жағалауына жиналған жастар баскетбол, жағажай волейболы, қазақша күрес сынды спорт түрлерінен сайысып, жүгіру марафонына қатысты.