Министр: ата-аналар ҰБТ тапсыратын жерге келе алмайды

0
127
ҰБТ-дан шыққан қызын қарсы алып тұрған ата-ана. Photo: sputniknews.kz

Осы жылы коронавирус індетіне байланысты қазақстандық түлектердің ата-анасы мен туысқандары ҰБТ пунктерінің аумағына кіргізілмейді. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

“Ата-аналарға және басқа адамдарға балаларды ҰБТ өткізу пунктерінде күтуге тыйым салынады. Ата-аналар үшін ҰБТ-ны сол жерге келмей-ақ, үйінде отырып көру үшін онлайн көрсетілім ұйымдастырамыз”, – деді министр үкімет отырысында.

ҰБТ өткізу пунктерінде баррикадалық ленталар қолданылады . Түлектерді пунктерге кіргізу кезінде екі метр ара қашықтық сақталады. Аудиторияларда да талапкерлер бір-бірінен екі метр алшақ отырады. Сондықтан, Аймағамбетовтің айтуынша, ҰБТ өткізу пунктерінің тек 50 проценті ғана толтырылады.

Бұдан бөлек, ол коронавирустың таралуын азайту мақсатында қосымша тағы бес сақтық шарасы қолға алынғаны айтты.

  • тест тапсырушыларды дезинфекциялық тоннельдерден өткізу;
  • аяқкиімдерді арнайы залалсыздандыру кілемшелерімен жүргізу;
  • қолды санитайзермен тазалау;
  • әр талапкердің дене қызуын өлшеу;
  • бірреттік жаңа маскалар беру.

Аймағамбетов ҰБТ өткізу кезінде түрлі гаждеттерді, байланыс құралдарын, шпаргалка, калькуляторды кіргізуге тыйым салынғанын еске салды.

Айта кетсек, биыл ҰБТ 20 маусымнан 5 шілдеге дейін 15 лекпен санитарлық талаптарды қатаң сақтау арқылы 161 пунктте өткізіледі.

Барлығы 131 755 адам тест тапсырады.

Осы жылы ҰБТ форматы өзгертілген жоқ. Барлығы бес пән – үш міндетті және екі бейіндік пән бойынша тестілеу қағаз жүзінде өтеді. Барлық тест тапсырмасының саны – 120, максималды балл – 140.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз