Қазақстанда экономика сұранысына сай мамандар дайындау үшін біліктілік жүйесін қалыптастыру қажет. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты.
Министр ең алдымен жұмыс берушінің жұмысқа алатын адамның біліміне, дағдысына қоятын талаптарды дайындау керек дейді. Екінші, кәсіптік стандартты әзірлегеннен кейін бизнестің, экономиканың сұранысына сай мамандар дайындап, оларды сертификаттау маңызды деп санайды.
Нұрымбектовтың айтуынша, диплом – білімді растайтын құжат, бірақ дамыған мемлекеттерде маманның дипломына қарамайды.
“Университеттер оқу орны түлегінің қолына диплом береді. Диплом – білімді растайтын құжат, бірақ дүние жүзіндегі дамыған келдерде маманның дипломына қарамайды. Олар біліктілікті растайтын тәуелсіз орталықтарға жібереді. Ол орталық біліктілігін растайтын сертификат береді. Сертификаттың құны дипломнан жоғары. Біз осындай жүйені қалыптастыру үстіндеміз”, – дейді министр.
Оның айтуынша, әр адам жоғары білім алуды, экономист, заңгер болуды қалайды, бірақ еңбек нарығында сұраныс басқаша.