М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінде журналистерге арналған ағылшын тілінде сөйлеу клубы ашылды. Бұл туралы жоғарғы оқу орнының баспасөз қызметі хабарлады.
“English speaking club” – ағылшын тілінде сөйлеу дағдысын жетілдіруге және заманауи журналиске қажет құзыреттіліктерді дамытуға мүмкіндік беретін әлеуметтік жоба, – дейді ұйымдастырушылар.
Аталған клубта Cambridge English, Macmillan Academy, National Geographic Publishing, Pearson Education Ltd, Oxford English бағдарламаларына негізделген тіл тәжірибелерін пайдаланады. Клуб кездесулерін халықаралық сертификаттары бар білікті мамандар өткізеді.
“Жобаның оқыту әдістемесі коммуникативтік тәсілге негізделген. Бұл журналистерге ағылшын тілінде еркін қарым-қатынас орнатып, пікір алмасуға мүмкіндік береді. Клубтың бейресми кездесулері аптасына екі рет онлайн және офлайн форматта өткізіледі”, – деді жоба жетекшісі Айгерім Шайхеслямова.
Ағылшын тілінде сөйлеу клубының алғашқы кездесуі осы аптада өтеді.