8 ақпан күні NASA ғарыш агенттігі Марстан 360 градус видеопанорама жариялады. Бұл туралы ғарыш агенттігінің ресми сайты хабарлады.
Бейнежазбаны америкалық Curiosity құрылғысы жариялады. 2018 жылы 19 желтоқсанда марскезуші түсірген видеоны ғарыш агенттігі панорама негізінде монтаждаған. Құрылғы Эолида тауында орналасқан Вера Рубин үстіртінен түсірілген. Ол осы аймақты бір жылдан аса зерттеген. Қайтар кезде марскезуші Rock Hall үстіртінде соңғы бұрғылау аймағында 360 градус панорама түсірген. Curiosity құрылғысы келесі жылы осы аймақтағы лай мекенді зерттейді.
Curiosity 2012 жылы Марстың Гейл кратеріне қонған еді. Онда ғаламшардың геологиялық тарихын білу үшін топырағын зерттеуді бастады. Марстағы Curiosity миссиясының негізгі міндеттері егжей-тегжейлі геологиялық және геохимиялық зерттеулер жүргізу, ғаламшардың атмосферасы мен климатын зерттеу, суды бар жоғын анықтау, органикалық заттарды іздеу.
Бұл деректер Марста өмір сүруге жарамды орындардың бар жоғын анықтауға көмектеседі.