25 қаңтарда Қазақстан Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Оксфорд университеті өзара ынтымақтастық келісімге қол қойды. Оған сәйкес әлемнің айтулы университетінде қазақ тілін оқыту қолға алынбақ.
Ғылым және жоғары білім министрі мен Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының басшыларынан құралған қазақстандық делегация әлемдегі ең беделді университетке ат басын тіреді.
Ұлыбританияның оқу орнына арнайы барған делегация өкілдеріне Оксфорд Бодлиан кітапханасының Қазақстанға қатысты эксклюзивті көне қолжазбалары көрсетілді. Сонымен қатар университетте экскурсия өтіп, тарихы таныстырылды.
Бұдан әрі министр Саясат Нұрбек британдықтарға ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен даярланған Oxford Qazaq сөздігінің алғашқы басылымын таныстырды.