Әрбір қазақстандыққа электронды күнделік құру жоспарлануда

0
64

Еліміздегі білім беру жүйесін толық цифрландыру мәселесі шеңберінде балабақшадан докторантураға дейін әр қазақстандыққа ақпаратпен қамтылған жеке кабинет құру жоспарлануда.

Бұл туралы ҚР Үкіметі отырысында мәлімдеме жасаған ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты.

         Электронды күнделіктерді қағаздық есептерден ажырау ретінде қолдану өте маңызды. Жалпы – бұл біздің білім беру жүйесін толық цифрландыруға бастайтын жол. Ең дұрысы – әркімнің өз жеке кабинеті болады, онда балабақшадан Phd-ге дейінгі барлық ақпараттар сақталады: барлық бағалар, олимпиадалар, дипломдар т.б, – деп мәлімдеді Сағадиев.

Министр мұны жүзеге асыру үшін барлық мектептер қарқыны жылдам Ғаламтор жүйесіне қосылу керектігін атады. Оның айтуынша, бүгінгі таңда оған елде 98% немесе 6 956 мектеп қосылған. Олардың ішінде секундына 4 мегабит жылдамдықпен қажетті кең жолақты Интернетке тек 2400 мектеп қосылған  – бұл 34% білдіреді. Соңғы екі жылда аталған көрсеткіш 9 %-ға артқан. Интернет жүйесіне қосылмаған мектептерде, мектеп сервері сандық білім беру ресурстарына дербес қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

«Бұл әсіресе шағын мектептерде қиын. Олардың қатарында кең жолақты интернет жүйесімен  тек 11% немесе 360 мектеп қамтамасыз етілген. Шағын мектептер бар елді-мекендер биылғы жылы спутниктік технологияларды, платаларды, Kazteleradio және 4G ұялы байланысын белсенді пайдалануға кірісті. Кең жолақты Интернет жүйесіне мемлекет тарапынан жасалған кез келген салым біз үшін өте маңызды», – деп түйіндеді Министр.

Білім және ғылым министрлігі 2018 жылдан бастап мектептерді Интернетке қосу бойынша қызметтерді орталықтандыру қажет деп санайды. Бұл жұмысты Қазақстан Республикасының Ақпарат және байланыс министрлігі басқаруы керек.

Сайлаубай Сабина

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз