Келесі жылдан бастап Қазақстандағы жоғарғы оқу орындарының рейтингі жасалады

0
119

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді. 

Министр білім беру иммиграциясына қатысты бірнеше бағыттарға тоқталып өтті. Атап айтқанда, жыл сайын республикалық бюджеттен қазақстандық студенттердің шетелде білім алуы үшін «Академиялық мобильділік» бағдарламасы бойынша 570 грант бөлінгенін, сонымен қатар осы бағдарлама бойынша жыл сайын елімізге 200 шетелдік ғалым тартылатынын жеткізді. 

Бұдан бөлек, жетекші шетелдік ЖОО-лармен серіктестік қарым-қатынас құру, салалық заманауи кампустар құру, ғылыми зерттеу хабтарын ұйымдастыру, академиялық қалашық құру дайындықтары, жаңа ЖОО ашу секілді мәселелерге тоқталды.

«ЖОО рейтингі пысықталды. Бұл timeshighereducation және QS екі жетекші агенттікпен бірлескен жоба келесі жылдан бастап жүзеге асырылады. Тұңғыш рет өзіміздің жоғарғы оқу орындарының рейтингі енгізіледі», – деді С.Нұрбек. 

Сондай-ақ, президенттің Қазақстанда жетекші шетелдік оқу орындарын ашу тапсырмасына сәйкес былтыр 4 ЖОО ашылса, биыл 4 және алдағы уақытта 6 білім беру ұйымдарын ашу жоспарланып отырғанын атап өтті. 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз