Әлемнің алдыңғы қатарлы ғалымдары екі жылда бір бас қосып, ядролық қауіпсіздік мәселесін талқылайтыны белгілі. Baq.kz хабарлағандай биыл бұл жиын Алматыда өтеді.
Сонымен, ғалымдардың зертеуі нәтижесінде Семейде дереу көзін жоймаса болмайтын 50 мың текше метр радиация қалдығы бар екендігі анықталып отыр.
Энергетика министрлігінің атомдық және энергетикалық жобаларды дамыту департаментінің директоры Батыржан Қарагөзовтың айтуынша бүгінде ядролық аймақтардың 62%-ы тексеруден өткен. Дегенмен топырақ құнарлылығын қалпына келтіруді қажет ететін аймақтар баршылық. Алдын ала белгілі болған мәлімет бойынша, 50 мың текше метр радиация қалдығы бар екендігі белгілі болды.